Біздің команда



 Чекалин Валерий Владимирович

Ташкент Дене Шынықтыру Институты, мамандығы – жаттықтырушы, оқытушы.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Жаттықтыру қызметімен айналысқанына 30 жылдан артық уақыт болған. 20 жылдан артық уақыт бойы Өзбекстанның құрама командасында болған.

Қазақстанның үшсайыстан бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы. Гуанджоуда өткен 16-шы Азия ойындарының қатысушысы. Өзбекстанның үшсайыстан бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы. КСРО халықтарының үш Спартакиадасының қатысушысы. Бүкілодақтық конкур және үшсайыс жарыстарының қатысушысы.

10-нан астам Спорт шеберін дайындап шығарды.

 

 

 

 

 

Куцерубов Игорь Анатольевич

Жоғары білімді – Қазақ Дене Шынықтыру Институты (1982– 1986 жж.), маманданған саласы – конькимен жүгіру спорты, ат спорты (1997 жылдан бері).

Ат спорты бойынша жоғары біліктілік деңгейіндегі бірінші санаттағы жаттықтырушы

1988-1993 – конькимен жүгіру спортының жаттықтырушысы (Спартак ОРСБЖМ)

2004-2009 - Алматы ОАСК конькимен жүгіру спортының жаттықтырушысы

2009-2014 Алматы қ. № 19 БЖСМ директорының спорт жұмысы бойынша орынбасары.

Ат спорты бойынша I санаттағы төреші.

2004 жылдан бастап Ұлттық және халықаралық жарыстарда (ҚР конкур, ат шабысы, ат үшсайысы бойынша Чемпионаттар, Кубоктар және Біріншіліктер) тұрақты түрде төрелік ету тәжірибесі

Жаттықтырушы өтілі – 20 жылдан артық

Еңбек еткен уақыт ішінде ҚР ат спорты бойынша Жастар құрамасына 7 спортшыны даярлап шығарды.

 

 

Куцерубова Елена Владичевна

Жоғары білімді - Қазақ Дене Шынықтыру Институты (1981 – 1986 жж.), маманданған саласы - ат спорты, ат шабысы, КСРО спорт шебері.

Ат спорты бойынша жоғары біліктілік деңгейіндегі бірінші санаттағы жаттықтырушы.

Ат спорты бойынша ұлттық санаттағы төреші, Ұлттық және халықаралық жарыстарда (ҚР конкур, ат шабысы, ат үшсайысы бойынша Чемпионаттар, Кубоктар және Біріншіліктер) тұрақты түрде төрелік ету тәжірибесі.

Жаттықтырушы өтілі – 20 жылдан артық.

2004 ж. бастап 2015 ж. дейін ҚР ШҰКжСРД, ҚР ат шабысы бойынша Ұлттық Құрамасының аға жаттықтырушысы, ҚР Ұлттық Құрамасының қазіргі спортшысы, ҚР 2012, 2013, 2014 жж. Чемпионаттарының жүлдегері, 2013, 2014 жж. CDI*** ат шабысы бойынша халықаралық жарыстарының жүлдегері және жеңімпазы.

Қазіргі кезде ат спорты бойынша жаттықтырушы.

 

 

 

 

 

Панферова Ольга Артуровна

Маманданған саласы: ат үйрету; ат шабыс.

Білімі: ҚазҰАУ аяқталмаған жоғары білімі, маманданған саласы – ветеринария.

2014 ж. ат үйретуден Қазақстан Чемпионатының жүлдегері, 2014 ж. ат үйретуден Алматы Кубогының Чемпионы, 2015 ж. ат үйретуден Қазақстан Чемпионатының жүлдегері, 2015 ж. ұзақ қашықтыққа ат шаптырудан Қазақстан Чемпионатының жүлдегері

Атағы: Спорт Шеберіне үміткер

Аттармен жұмыс істеу тәжірибесі – 7 жыл.

Жұмыс бағыты: "NaturalHorsemanship". Аттармен жүгенсіз және әбзелсіз жұмыс істеу, аттарды үйрету. Аттың психологиясымен жұмыс істеу, яғни аттармен жұмсақ жұмыс істеу әдістері.

 

 

 

 

 

 

Маулетбеков Медет Маулетбекович

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, конкурдан Қазақстан құрамасының мүшесі.

1994 – 2002 жж.- 7 жыл бәйгеде шабармен ретінде жаттықты (аламан, құнан, топ, тай).

2010 – 2016 жж. – әр жылдары 2010 Қазақстан Республикасы Чемпионатының (Алматы РЖСШМ, жеке есебінде 1-орын), 2011 Орталық Азия бойынша Әлем Кубогы Кезеңінің (Ташкент қ., жеке есебінде 3-орын), 2011 қоссайыстан Қазақстан Республикасы Кубогының (Қапшағай қ., жеке есебінде 2-орын) жүлдегері болып отырды.

«Әлем Кубогы Кезеңі» Бішкек қ. өтті, Қазақстан командасының құрамында өнер көрсетіп, 3-орынды иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

Акхожина Камилла Фархадовна

2000-2005 жж. – Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, мамандығы – малдәрігерлік медицина, патологиялық анатомия.

2016 ж. – Қостанай Әлеуметтік Университеті, мамандығы – жаттықтырушы-нұсқаушы.

Алматы, Астана, Ақтау қалаларында Қазақ Ат спорты Федерациясының қолдауымен жыл сайын өткізіліп отыратын алыс қашықтыққа ат шаптыру және олимпиадалық спорт түрлерінен (конкур, ат шаптыру) жарыстар бойынша Халықаралық Малдәрігерлік комиссияның мүшесі.

2013 ж. бастап «Алтын-тай» АСК малдәрігері, сондай-ақ шабарман – аттарды алыс қашықтықтарға шаптыруға дайындау, салт жүріс бойынша нұсқаушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Попова Дарья Александровна

Маманданған саласы:

- Ат шабыс

- алыс қашықтықтарға шабу.

Білімі: аяқталмаған жоғары. Жұмыс тәжірибесі - 7 жыл.

Ат спорты бойынша «ҚР спорт шеберіне үміткер» спорттық атағы берілген.

2014, 2015, 2016, 2017 жж. жасөспірімдер мен юниорлар арасында ат спорты бойынша ҚР чемпионы. 2015,2016 жж. Алыс қашықтыққа ат шаптырудан Халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2015 ж. Ресейдегі командалық есепте халықаралық жарыстардың жеңімпазы. "FEI WorldDressageChallenge" 2017 ж. Сырттай Әлем Кубогы жарысының жеңімпазы. "ҚР ат шаптырудан ат спорты федерациясы кубогы жарысының жеңімпазы" 2017 ж.

ҚР Ұлттық құрамасындағы қазіргі спортшы.

 

 

 

 

 

 

" Алтын Тай" Ат спорты клубы 2018