Атпен салт жүруді үйрету

Егер Сіз өзіңіздің шабармандық дағдыларыңызды жақсартып немесе басынан бастап атқа отыруды үйренгіңіз келсе, Сіз дұрыс хабарластыңыз!

Іле Алатауының бөктерінде орналасқан, тау туризмінің аса танымал объектілерінің бірі -«Алтын Тай» АСК аумағында салт жүруді үйрену сабақтары барлық деңгейде жүргізіледі. Білікті жаттықтырушыдар салт атпен жүруді ересектерді ғана емес, сондай-ақ дайындық дәрежесі әртүрлі балаларды үйрете алады. Кәсіби көзқарас пен әрбір салт аттыға өзіне лайық атты таңдап беру мүмкіндігінің арқасында сабақтар сапалы әрі денсаулыққа пайдалы түрде өтетін болады. Үйрету сабақтары Өзіңіздің қалауыңыз бойынша және алдын-ала жазылу арқылы жеке түрде немесе топта жүргізіледі.

!!! МЫНАНЫ БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ !!!

Атқа мініп жүруді мұны аса қатты қалағандар ғана үйрене алады!!!

 

Арнайы киім-кешек

Арнайы киім-кешекті алдын-ала әзірлеп қою қажет: 

- Салт аттыға арналған бәтеңкелер немесе етіктер. Алғашқы сабақта өкшесі аласа, ішкі жағында сырғытпасы жоқ кез келген бәтеңкелер келе береді.

- Тігістері жуан емес джинсы шалбар, салт аттыға арналған бриджи немесе спорт шалбары.

- Ыңғайлы сырт киім (етегі мықыннан жоғары тұратын күртеше).

14 жасқа дейінгі балалардың қорғағыш дулыға киюі шарт. «Алтын Тай» АСК-да сондай-ақ дулыға мен ағытпалы қоныштарды жалға алуға болады.

 

Атқа арналған тәттілер

Жаттығу кезінде атқа қант және ойық тоқаштар түріндегі аздаған тәттілер беріп отыруға болады. Жаттығулар аяқталғаннан кейін атқа жуылған сәбіз, алма (2 кг-нан артық емес) және қант (100 г-нан артық емес) беруге болады.

 

Саясат

Жаттығуларға сабақ басталардан 15-20 минут бұрын, алдын-ала келіп алу қажет. Егер қандай да бір себептермен Сіз жоспарланған сабаққа келе алмайтын болсаңыз, бұл туралы тағайындалған уақыттан кем дегенде 2 сағат бұрын хабарлауыңызды сұраймыз.

Егер Сізде атқа мінуге қарсы көрсетілімдер немесе жарақаттарыңыз, сонымен бірге ескі жарақаттарыңыз болса, бұл туралы жаттықтырушыға сабақ басталмай тұрып хабарлаңыз. Бұл жаттығу жоспарына түзету енгізіп және сабақтарды қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

 

 

" Алтын Тай" Ат спорты клубы 2018