«Алтын Тай» ат спорты клубы Бутаков шатқалында, қаладан көлікпен 20 минутта жетуге болатын жерде орналасқан. Клубтың аумағында 68 жылқыны орналастыруға болатын 8 атқора бар. Өжірелердің өлшемі: 3х3, 4х3, 5х4. Атқоралар өрт қауіпсіздігі жүйесімен, желдетумен, әбзелдер қоятын бөлмелермен, сондай-ақ демалуға арналған бөлмелермен қамтамасыз етілген. Спорттық құрылыстардың барлығы еуропалық жабдықтармен қамтылған. 

Аттармен жаттығып және жұмыс істеу үшін шатыры бар манеж (64 х 24 м) және кәсіби топырағы мен су қашыртқы жүйесі бар ашық алаң (80 х 40 м) ескерілген. Сондай-ақ аумағында жаңадан үйренушілерге арналған шатыры бар шағын манеж және ашық бой жазу алаңы, солярий, адымдық жаттықтырғыш, ат жуу орны, үш жайылым, малдәрігерлік блок бар. Аттарға мерзімді түрде вакцина егіліп отырады. Ат күтушілердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.

Клубтың негізінде еліміздің жетекші салт аттылары – ат спортынан ұлттық құрама мүшелері жаттығып, сабақ беріп және шеберлік-сабақтарын беріп отырады. Сонымен қатар, «Алтын Тай» – Қазақстандағы аттың спорт, неміс тұқымдарын өсірумен айналысатын жалғыз асыл тұқымды ат фермасы. «Алтын Тайда» өсірілген аттардың көпшілігі Орталық-Азия өңірінің чемпиондары, сондай-ақ Қазақстанда және одан тысқары жерлерде конкур, ат үйрету және ұзақ қашықтыққа ат шаптырудан халықаралық жарыстардың жеңімпаздары болып табылады. 

Клубтың Қазақстан Республикасының Ат Спорты Федерациясымен әріптестік жасауы оның жыл бойы ұлттық және халықаралық ауқымда ат шабысы мен конкур бойынша әртүрлі турнирлер өткізіп отыруына мүмкіндік береді. Ірі жарыстарды өткізу кезінде ашық алаңның айналасында орналасқан трибуналар 400-ге дейін, сондай-ақ VIP-аймақта шамамен 100 көрерменді қабылдайды. Клубтың қонақтарына арнап автокөлік тұрағы жабдықталған. 

Жазда «Счастье» мейрамханасы «Алтын Тай» ат спорты клубына келушілер үшін ашық, мұнда жыл бойы жеке және корпоративтік шаралар өткізіп отыруға болады. 

 

" Алтын Тай" Ат спорты клубы 2018